
2026 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында «Жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіру» тақырыбында республикалық конференция өтті. Іс-шараға ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ аумақтық департаменттердің, соның ішінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қатысты.
Диалогтық алаңның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қолдауымен Жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы (ЖҚСҚ) болды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа салық заңнамасының нормаларын іске асыру тетіктерін пысықтау. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын жеңілдетуге, сондай-ақ бақылаудың цифрлық құралдарын енгізуге бағытталған әкімшілендірудегі негізгі өзгерістерді талқылады.
Павлодар облысы бойынша МКД мамандарының мұндай іс-шараларға қатысуы өңірлік ведомство жұмысына өзекті өзгерістерді жедел енгізуге мүмкіндік береді. Конференция барысында Кодексті әзірлеушілерден алынған түсініктемелер мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және біздің өңірдің салық төлеушілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылатын болады.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы