
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
Техникалық жұмыстар және іске қосу кестесі
2026 жылғы 10 сәуірде сағат 21:00-ден бастап – «АСТАНА-1» АЖ-да функционалды көшіру бойынша техникалық жұмыстар басталады. Жүйеге кіру шектеледі.
2026 жылғы 11 сәуірде сағат 00:00-ден бастап – «KEDEN» АЖ-да «Тауарларға арналған декларация» функционалы штаттық режимде жұмысын бастайды.
Алдын ала не істеу қажет
«KEDEN» АЖ-да тіркелу және авторизациялау кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды болдырмау үшін сұраймыз:
Тіркелуден өту: жаңа жүйеде алдын ала тіркеліңіз.
Есептік жазбаларды тексеру: ұзақ уақыт бойы белсенділіктің болмауына байланысты аккаунтыңыздың бұғатталмағанына көз жеткізіңіз.
ЭЦҚ мәртебесін тексеру: кедендік операциялар үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаларыңыздың қолданылу мерзімін бақылауды қамтамасыз етіңіз. Қажет болған жағдайда оларды уақтылы ұзартыңыз.
Өтпелі кезеңдегі жұмыс қағидалары (2026 жылғы 11 сәуір сағат 00:00-ден бастап)
Ескі жүйеде басталған тауарларға арналған декларациялар (ТД) бойынша операцияларды аяқтау тәртібіне назар аударамыз:
Досымша ақпарат өзектендірілуіне қарай Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ресурстарында орналастырылатын болады.
Қолдау қызметі СЭҚ қатысушылары үшін «KEDEN» АЖ әдіснамалық және техникалық қолдау қызметі тәулік бойы жұмыс істейді:
Email: keden_support@kgd.minfin.gov.kz
Telegram-арна: (https://t.me/kedenkgdgovkz)