Назар аударыңыз! Бүгін көлік салығын төлеудің соңғы күні!

Назар аударыңыз! Бүгін көлік салығын төлеудің соңғы күні!

Құрметті Павлодар облысының көлік иелері, 2025 жылғы көлік құралдарына салықты 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеу қажет екенін еске саламыз.

2 сәуірден бастап борышкерлерді не күтеді

- Мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.

- Салық берешегі туралы хабарламалар жолданады.

- Мәжбүрлеп өндіріп алу үшін төленбеген салық бұйрықтары жеке сот орындаушыларына (ЖСО) беріледі.

- Полиция департаментімен бірлесіп жолдарда рейдтер жүргізіледі. Борышкерлердің көлігі «Оракул-Қорғау» жүйесі арқылы анықталып, айыппұл тұрағына жіберілуі мүмкін.

Маңызды өзгерістер мен жеңілдіктер

- 10 жылдан асқан жеңіл автомобильдерге салық 30%-ға төмендетілді.

- 20 жылдан асқан автомобильдерге салық 50%-ға төмендетілді.

- Шаруа қожалықтары бір жүк пикабына салық төлеуден босатылды.

- Қозғалтқыш көлемі 3000 куб. см-ден асатын автокөліктер үшін шығарылған немесе елге әкелінген күніне байланыстылық алынып тасталды – енді есептеу барлығына бірдей.

Қалай тез есептеп, төлеуге болады

Нақты соманы «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында немесе kgd.gov.kz порталындағы сервис арқылы білуге болады. Төлем жасау үшін 17 таңбалы VIN-код (техпаспортта көрсетілген жеңіл көліктер үшін шанақ нөмірі немесе жүк көліктері үшін шасси нөмірі) қажет болады.

Салық төлеу – әрбір азаматтың конституциялық міндеті. Салық міндеттемелеріңізді уақытылы орындаңыз!

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы