
Басшының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Марат Бейсенов Департаментке және оның аумақтық бөлімшелеріне алғаш және қайта жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін онлайн-семинар өткізді.
ZOOM-кездесу барысында қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыратын негізгі тақырыптар талқыланды: ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын қатаң сақтау, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормалары мен қағидалары. Лудомания мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ойынға тәуелділік – бұл жай ғана жеке мәселе емес, бұл ашық айтылуы тиіс ауыр әлеуметтік салдарлар.
– Мемлекеттік қызметті дұрыс бағдардан бастау керек. Біз ұжымдағы моральдық ахуалға қамқорлық жасаймыз және жаңа әріптестерімізге өздерінің кәсіби жолын сенімді бастауға көмектесеміз, – деп атап өтті Марат Бейсенов.
Павлодар облысы бойынша МКД Адам ресурстары басқармасы