2026 жылдан бастап әлеуметтік салық: есептеу тәртібіндегі жаңа ережелер

2026 жылдан бастап әлеуметтік салық: есептеу тәртібіндегі жаңа ережелер

Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар арасындағы өзара байланыс алынып тасталды. Бұған дейін әлеуметтік салық сомасы әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылатын болса, енді мұндай азайту қолданылмайды.

2026 жылдан бастап әлеуметтік салық мөлшерлемесі 6% болып белгіленеді, төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік салықты 1,8% мөлшерлеме бойынша есептейді.

Бұл мөлшерлеме мына қызмет түрлеріне қолданылады:

  • өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу;
  • өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және қайта өңделген өнімдерді өткізу.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар:

- өзі үшін – төлем жүргізілген күнге қолданыстағы 2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;

- әрбір қызметкер үшін – төлем жүргізілген күнге қолданыстағы 1 АЕК мөлшерінде есептейді.

Шаруа немесе фермер қожалықтары:

Шаруа немесе фермер қожалықтары әлеуметтік салықты:

  • өзі үшін – 0,6 АЕК мөлшерінде;
  • әрбір қызметкер үшін – 0,3 АЕК мөлшерінде есептейді.

Бұл тәртіп өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізуге, сондай-ақ оларды қайта өңдеуге байланысты қызмет түрлеріне қолданылады.

Әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды:

- арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар, атап айтқанда: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оңайлатылған декларация негізінде қызмет атқаратындар, шаруа немесе фермер қожалықтары;

- Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы