Цифрлық салық кеңесшісі @SalyqBot

Цифрлық салық кеңесшісі @SalyqBot

Цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту шеңберінде Telegram мессенджерінде «@SalyqBot» чат-боты іске асырылып, тұрақты түрде жетілдірілуде.

@SalyqBot – жеке және заңды тұлғаларға салық және кеден мәселелері бойынша ақпаратты жедел алуға арналған цифрлық сервис.

Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді және тәулік бойы қолжетімді.

Сервистің негізгі мүмкіндіктері:

- салық берешегінің бар-жоғы туралы мәлімет алу;

- көлік құралдарына салынатын салықты және өсімпұл сомасын есептеу;

- есептілікті тапсыру және салықтарды төлеу мерзімдері көрсетілген салық күнтізбесіне қол жеткізу;

- банктік шоттардың бұғатталуы (тыйым салынуы) туралы хабарламалар алу;

- төленген сомалар туралы мәлімет алу (заңды тұлғалар үшін);

- салық және кеден заңнамасы бойынша анықтамалық ақпарат пен білім базасына қол жеткізу;

- оқыту материалдары мен бейне-нұсқаулықтармен танысу.

Чат-боттың білім базасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде қалыптастырылған. Бұл оператордың қатысуынсыз жиі қойылатын сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Қажет болған жағдайда пайдаланушы:

- алынған жауаптың сапасын бағалай алады;

- қосымша сұрақ қоя алады;

- операторға өтініш жолдай алады.

Пайдаланудың артықшылықтары

@SalyqBot қолдану:

- мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқартуға;

- мемлекеттік кірістер органдарына жеке баруды азайтуға;

- ресми дереккөзден өзекті ақпарат алуға;

- салық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіндік береді.

Жұмысты бастау үшін Telegram қосымшасына кіріп, іздеу жолына @SalyqBot атауын енгізіп, чат-ботты іске қосу қажет.