2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық тексерістерде не өзгерді

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық тексерістерде не өзгерді

2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметімен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын тегістеу жөнінде шешім шығарылды.

Айтылған шешімнің шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулерді өткізу тоқтатылды.

Салықтық тексерістер, қарсы салықтық тексерістер, сонымен бірге келесілер:

- қылмыстық-процессуалдық заңнамамен көзделген негіздер бойынша;

- Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша немесе олармен келісім бойынша прокурорлық қадағалаудың, прокуратура органдарының талап етуі мен актілері бойынша;

- салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау бойынша;

- касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындау бойынша;

- жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;

- салық заңнамасында көзделген салықтық тексеру жүргізуді талап ететін өтінішті және (немесе) талапты берген жағдайда;

- салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымында баяндалған мәселелер бойынша;

- 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен және салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда;

- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау мәселелері бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу тоқтатылды.