
Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылғы 27 ақпанда сағат 12:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Арнаулы салық режимдеріне көшу. «Халық бухгалтері» акциясы» тақырыбына тікелей эфир өтеді.
Спикер түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының басшысы Төлеген Білялұлы Шаймарданов сөз сөйлейді.
Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасына – pavlodar_mkd жазылыңыз.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы