Кәсіпкерлердің назарына. 2026 жылғы 28 ақпан – салық режимі туралы хабарлама берудің соңғы күні

Кәсіпкерлердің назарына. 2026 жылғы 28 ақпан – салық режимі туралы хабарлама берудің соңғы күні

Құрметті кәсіпкерлер! 2026 жылғы 28 ақпан – салық режимі туралы хабарлама берудің соңғы күні.

Егер хабарламаны уақытында жібермесеңіз, сіз автоматты түрде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысасыз.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі үш арнаулы салық режимін көздейді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа және фермер қожалықтары үшін.

Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолдануды жоспарлап отырсыз ба?

Хабарламаны 2026 жылдың 28 ақпанына дейін жіберіңіз:

- салық төлеушінің кабинеті арқылы (СӘАЖ АЖ-да "Құжаттарды тапсыру" бөлімінде – "Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама");

- "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы ("қызмет" – "ЖК салық режимін өзгерту");

- орналасқан жері бойынша МКБ-да (қағаз жеткізгіште);

- екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы ("мемлекеттік қызметтер" бөлімінде – "ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту").

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимге көшу

2026 жылғы 1 наурыздан бастап патент бойынша немесе арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жұмыс істеген ЖК автоматты түрде есептен шығарылады (есептен шығару күні – 2026 жылғы 1 қаңтар).

Автоматты аударымдар мен қайта есептеулерді болдырмау үшін соңғы күнді кейінге қалдырмаңыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы