Павлодар кәсіподақтар үйінде салықтық новеллалар мен өңір кәсіпорындары үшін заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

Павлодар кәсіподақтар үйінде салықтық новеллалар мен өңір кәсіпорындары үшін заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

Павлодар облысының Кәсіподақ орталығының алаңында салық саласындағы өзгерістерге және оларды өңір кәсіпорындарының практикалық қолдануына ерекше назар аудара отырып, "2026 жылғы заңнаманың новеллалары" тақырыбында оқыту семинары өтті.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова іс-шараны аша отырып, салық және әлеуметтік заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті, өйткені нормаларды дұрыс қолдану кәсіпорындардың әлеуметтік кепілдіктері мен қаржылық тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Салық салу мәселелері бойынша негізгі спикер болып МКД түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының басшысы Төлеген Шаймарданов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол ҚҚС және корпоративтік табыс салығы бойынша өзгерістерді, салықтық әкімшілендіру мен есептілікті, салық режимдерінің ерекшеліктерін, камералдық бақылау мен тексерулер жүргізуді қоса алғанда Салық кодексіндегі жаңалықтарға егжей-тегжейлі тоқталды.

"Халық бухгалтері" республикалық акциясына ерекше назар аударылды, оның шеңберінде кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша тегін кеңес ала алады. Кеңес беруді "Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелері және МКБ мамандары жүргізеді.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен әлеуметтік институттардың өкілдері – әлеуметтік қорғау, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, еңбек инспекциясы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы мамандар қатысты.

Семинарға елуден астам заңгерлер, кадр қызметтерінің қызметкерлері, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және өңір кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Екібастұз қаласы кәсіпорындарының өкілдері іс-шараға ZOOM платформасы арқылы онлайн-форматта қосылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар 2025-2026 жылдары қабылданған салық нормалары мен өзге де құқықтық актілерді қолдануға байланысты практикалық сұрақтарға толық жауап алды және ұйымдастырушылар мен спикерлерге материалды қолжетімді және тәжірибеге бағдарланған бергені үшін алғыстарын білдірді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы