
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне көшу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпкерлермен кездесулер Batyr Mall, Махi Mall, City Centr, Манакбай, Рахмет және т.б. өңірдің ірі ойын-сауық сауда орталықтары мен сауда үйлерінде өтті.
Мамандар арнаулы салық режимін қолдану тәртібін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын, салық режимін уақтылы таңдаудың маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Маңызды! Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану туралы хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін берілуі тиіс. Егер хабарлама ұсынылмаса, салық төлеуші автоматты түрде қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып табылатын жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшкен болып есептеледі.
Сіз хабарламаны келесілер арқылы жібере аласыз:
- «e-Salyk Business» мобильді қосымшасы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары;
- тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жеке өзі жүгінген кезде.
Кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы