
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем Бюджет кодексіне сәйкес арнайы түсімдерге жатады.
Осыған байланысты оны заңнамаға сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.
Салық есептілігі нысаны 870.00 декларациясы бойынша төлемдерді бөлуге қатысты жаңарту 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Осыған орай, төлемдердің бюджетке дұрыс есептелуі үшін төлемді 401101 БСК бойынша жүзеге асыру қажет.