
2026 жылғы 5 қаңтарда басталған "Халық бухгалтері" республикалық акциясы – бұл жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнесті қолдаудың тәжірибелік жобасы.
Акция шеңберінде салық төлеушілер "Қазақстанның бухгалтерлер Одағы және бухгалтерлік ұйымдары" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелерінен, сондай-ақ Ақсу, Павлодар және Екібастұз қалаларының мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандарынан кеңестерді тегін ала алады. Аудандық басқармаларда да жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру үшін жауапты мамандар анықталған.
Акцияның алғашқы айларында (қаңтар-ақпан) "Халық бухгалтері" кабинеттері аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Наурыз айынан бастап кеңес берулер аптасына екі рет өткізіледі.
Акция барысында 30-дан астам консультациялық күн өтті. Осы кезеңде 3000-нан астам салық төлеуші кеңес алды, 5000-нан астам сұрақ қойылды. Бұл форматтың жоғары сұранысын айқын растайды.
Көбінесе салық төлеушілер келесі мәселелерге қызығушылық танытады:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшу;
- 2026 жылы ЖК ашу және жабу;
- салық режимдері арасындағы ауысу;
- кәсіпкерлік қызметті қайта бастау;
- салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;
- ЭҚНЖ өзгерістері;
- ҚҚС бойынша есепке қою;
- ақпараттық жүйелердің жұмысы және басқа да өзекті мәселелер.
"Халық бухгалтері" жобасы – бұл ең алдымен диалог және бизнеске тәжірибелік көмек.
Біздің міндетіміз – кәсіпкерлер жаңа Салық кодексінің талаптарын түсініп, жаңа жағдайда жайлы жұмыс істей алуы.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы