
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Стратегиялық жоспарда көзделген барлық міндеттер орындалды.
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 849,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2024 жылға қарағанда 18,6%-ғаартық.Өсім133,0млрд. теңгені құрады.
Салықтық тексерулер саны 20%-ға қысқарды, бұл ретте олардың тиімділігі артты.
Мемлекеттік қызметтердің 99%-ы электрондық форматта көрсетілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің нормаларын, сондай-ақ кәсіпкерлер тегін кеңес ала алатын "Халық бухгалтері" республикалық акциясын түсіндіруге ерекше назар аударылды.
БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның
түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы