
Торайғыров университетінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ынтымақтастық туралы меморандум аясында оқу кабинеті базасында профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру болды.
Семинар барысында Департамент мамандары қатысушыларды Салық кодексінің негізгі өзгерістерімен, оларды қолдану тәртібімен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға салық салудың өзекті мәселелерімен егжей-тегжейлі таныстырды.
"Жаңа" арнайы салық режимідеріне көшуге ерекше назар аударылды.
Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Арман Уәлиев атап өткендей, 2025 жылғы 18 шілдеде бекітілген жаңа Салық кодексінің 840-бабына сәйкес қазіргі уақытта арнайы салық режимдерін пайдаланатын және жеңілдетілген декларацияның "жаңа" режиміне көшуді жоспарлап отырған салық төлеушілер салық режиміне ауысу туралы хабарламаны 2026 жылғы 28 ақпаннан кешіктірмей беруі тиіс, әйтпесе олар жалпы белгіленген салық салу режиміне ауыстырылатын болады.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер берілді, семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы