
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап келесідей арнаулы салық режимдерін (АСР) көздейтін Салық кодексі күшіне енді:
Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі арнаулы салық режимдері жойылды:
Егер 2025 жылы аталған арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер 2026 жылғы қаңтардан бастап ақпан аралығында қызметін тоқтату (таратылу/жабылу) туралы шешім қабылдайтын болса, онда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған режимдердің қолданылмайтынын, сәйкесінше салық есептілік нысандары (СЕН) қол жетімді емес екенін ескеру қажет.
Осыған орай, 2026 жылғы 1 қаңтардан 28 ақпанға дейінгі кезеңде қызметін тоқтату шешім қабылдаған салық төлеушілерге келесі әрекеттерді орындау қажет:
«Кезекті» түрінің белгісі бар декларация тапсыру:
(қолданған арнаулы салық режимге байланысты);
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаның 2-бөлімінде келесіні белгілеу:
- ауысу туралы
«А Оңайлатылған декларация негізінде АСР» немесе
«С жалпыға бірдей белгіленген тәртіп»;
- себеп бойынша:
«А ерікті түрде шешім қабылдау».
Таңдалған режимді қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі.
Хабарламаны ұсынғаннан кейін келесіні орындау қажет:
- қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру;
- тарату салық есептілігін ұсыну:
- 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа – оңайлатылған декларация (ОД) негізінде АСР қолдану кезінде (910.00-нысаны) немесе
- 2026 жылдың 1 тоқсанына (немесе 2026 жыл үшін) – жалпы белгіленген тәртіпті қолдану кезінде;
- қажет болған жағдайда – қызметті тоқтату үшін заңмен көзделген басқа да тиісті құжаттар.
Маңызды
Салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарлама уақтылы берілмеген жағдайда қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қабылданбайтын болады. Бұл жағдайда жүйе келесідей хабарламаны қалыптастырады:
"Қызметті тоқтату үшін Сізге "А. ерікті түрде шешім қабылдау" себебі бойынша 2-бөлімде "А. жеңілдетілген декларация негізінде АСР" немесе "С. жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке" белгісі бар қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны беру қажет. Осыдан кейін Сіз қызметті тоқтатуға құқығыңыз бар".