
Торайғыров университетінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің оқу кабинеті ашылды, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен "Торайғыров университеті" КЕАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған меморандум кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, студенттердің білім беру сапасы мен практикалық даярлығын арттыруға, сондай-ақ оларды одан әрі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған. Құжат кәсіби практиканы ұйымдастыруда, бірлескен іс-шараларды өткізуде, тәжірибе мен білім алмасуда, сондай-ақ білім беру процесіне білікті мамандарды тартуда ынтымақтастықты көздейді.
Департамент пен университет арасындағы серіктестік қатынастарды орнату және тиімді ынтымақтастықты дамыту аудиторлар мен бухгалтерлер сияқты жоғары білікті мамандықтар кадрларының тапшылығын өтеуге мүмкіндік береді.
"Экономика және қаржы" кафедрасының базасында оқу кабинетінің ашылуы студенттерге практикалық дағдыларды алуға, мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен танысуға мүмкіндік беретін және бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін заманауи білім беру кеңістігін білдіреді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы