Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша Ашық есік күні

Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша Ашық есік күні

Теренкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өткізілді.

 

Іс – шараның негізгі мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру және ақпараттандыру.

Ашық есік күніне келген салық төлеушілерге салық салу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар және алдағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Іс-шарада қаралған негізгі мәселелер: салық заңнамасын қамтамасыз ету тәсілдері, салық есептілігі нысандарын қысқарту, қосылған құн салығы (ҚҚС), арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, жергілікті салықтар, жеке және корпоративтік табыс салықтары, салықтық тексерулер.

Кәсіпкердердің назарын ҚҚС бойынша тіркеу есебінің мәселелеріне аударылды.

– ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою салық төлеушінің тіркеу есебіне ерікті, міндетті және шартты қою түрінде жүзеге асырылады. Айналымның шекті шегі 10 000 АЕК құрайды. Міндетті қою үшін өтініш шекті айналым асып кеткен кезде, бірақ асып кеткен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Айналымның шекті шегінен асатын және салық төлеушіні тіркеу есебіне қою күніне дейінгі кезеңде жасалған айналым жауапкершілікке тарту үшін есепке қойылмаған кезең үшін салық салынатын айналым деп танылады. Салық төлеуші салық төлеушінің тіркеу есебінен салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен арнаулы салық режиміне ауысқан, қызметі тоқтатылған немесе салық төлеуші таратылған кезде алынады. Шекті деңгейге жетпеуге байланысты есептен шығару қарастырылмаған, – деп мамандар түсіндірді.

Іс-шара қатысушыларға салық заңнамасындағы алдағы өзгерістерімен танысуға, бұл жаңашылдықтар олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік алды.

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы