Салық төлеушілерге арналған семинарлар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтар

Салық төлеушілерге арналған семинарлар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтар

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру, салық төлеушілердің салық сауаттылығын арттыру мақсатында Ақтоғай және Успен аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары ақпараттық-түсіндіру семинарларын өткізді.

Іс-шараларбарысында мемлекеттіккірістероргандарыныңмамандарықатысушылардыСалықкодексініңнегізгіөзгерістеріменжәнежаңалықтарымен, олардықолданутәртібімен,сондай-ақ жекежәнезаңдытұлғаларғасалықсалудыңөзектімәселелеріменегжей-тегжейлітаныстырды.

Мұндай семинарларды өткізу салық органдары мен салық төлеушілер арасында ашық және сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Семинарларға шағын және орта бизнес өкілдері, бухгалтерлер, жеке кәсіпкерлер қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында түсініктеме алуға мүмкіндік алды.

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы