
2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршектері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) 6 ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілді (Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 527 Бұйрығы).
Уақытша тыйым қазақстандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етеді және қайта өңдеу саласының ішкі мүдделерін қорғайды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы