
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 17 желтоқсанында мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіндегі техникалық іркіліс нәтижесінде жекелеген жағдайларда жеке тұлғалардың көлік құралдарына салықты қосарланған есептеу орын алғанын, оған байланысты салық төлеушілерде берешектің пайда болуы мүмкін екенін хабарлайды.
Қазіргі уақытта техникалық қате толығымен жойылды. Барлық дұрыс емес есептеулер ретке келтірілді.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік үшін алғыс білдіреді.
Барлық туындаған мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.