"Павлодар-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті – "Қоғамдық жобаларға қосқан үлесі үшін" номинациясының жеңімпазы

"Павлодар-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті – "Қоғамдық жобаларға қосқан үлесі үшін" номинациясының жеңімпазы

Клиентке бағдарланған кедендік әкімшілендіруді дамыту, бақылау тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызмет стандарттарын нығайту мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы "Үздік кеден бекеті"акциясын қорытындылады. 

Бағалау МКК 2025 жылғы 28 қазандағы №1059 бұйрығымен бекітілген критерийлерге сәйкес жүргізілді. Жеңімпаздарды анықтау кезінде қызметтің негізгі көрсеткіштері ескерілді: кедендік бақылау мерзімдерін сақтау, декларацияларды ресімдеудің орташа уақыты, орташа кедендік құн динамикасы және қызметтің сапасын, ашықтығы мен нәтижелілігін көрсететін басқа да параметрлер.

"Павлодар – кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті "Қоғамдық жобаларға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Толық емес 2025 жылы кеден бекетінде тауарларға сегіз мыңға жуық декларация ресімделді. Мемлекет кірісіне қосымша 300 миллион теңге сомасына резервтер өндірілді, кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі бойынша болжамды жоспар орындалды.

Тиімді кәсіби қызметтен басқа, кеден бекетінің қызметкерлері Департаменттің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады. Жыл сайын балаларды қорғау күніне орай олар балаларға арналған конкурстар мен мерекелік бағдарламалар ұйымдастырады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында қызметкерлер өз бастамаларымен батырларға тағзым және құрмет көрсете отырып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Әріптестерімізді лайықты жеңіспен құттықтаймыз!

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы