
Железин, Успен және Шарбақты аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілер үшін Ашық есіктер күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.
Ашық есік күніне келген салық төлеушілерге салық салу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар және алдағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Іс-шарада қаралған негізгі мәселелер: қосылған құн салығы (ҚҚС), арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, жергілікті салықтар, жеке және корпоративтік табыс салықтары, салықтық тексерулер.
Іс-шараға қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды. Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы