Бүгін, 2025 жылғы 8 желтоқсанында Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өткізілді.
Іс – шараның негізгі мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру және ақпараттандыру.
Ашық есік күніне келген салық төлеушілерге салық салу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар және алдағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Іс-шарада қаралған негізгі мәселелер: қосылған құн салығы (ҚҚС), арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, жергілікті салықтар, жеке және корпоративтік табыс салықтары, салықтық тексерулер.
Кәсіпкердердің назарын оңайлатылған декларацияның «жаңа» режиміне көшуге аударылды.
– 2025 жылдың 18 шілдесінде бекітілген жаңа Салық кодексінің 840-бабына сәйкес қазіргі уақытта арнайы салық режимдерін қолданатын және оңайлатылған декларацияның "жаңа" режиміне көшуді жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны жіберуі керек, әйтпесе олар жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыстырылады. Сондай-ақ, патентте немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлердің (таксистер, курьерлер және т.б.) назарын 2026 жылғы 1 наурызға дейін оңайлатылған декларацияның "жаңа" режиміне көшу туралы мемлекеттік кірістер органдарына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны беру қажеттілігі туралы аударамыз. Әйтпесе, олар автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарылады және режим шарттарына сәйкес келсе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде жұмысын жалғастыра алады, – деп мамандар түсіндірді.
Іс-шара қатысушыларға салық заңнамасындағы алдағы өзгерістерімен танысуға, бұл жаңашылдықтар олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы