"Жолаушылардың кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

"Жолаушылардың кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет азаматтарға декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуі немесе әкетуі кезінде ұсынылады.

Жолаушылардың кедендік декларациясын (ЖКД) қалай береді:

Қызметті көрсету және нәтижелерін алу екі тәсілмен мүмкін:

  1. Қағаз жеткізгіште. Жолаушы толтырылған декларацияны кедендік операцияларды өткізуге уәкілетті лауазымды тұлғаға тапсырады;
  1. Электрондық түрде – www.egov.kz «Электрондық үкімет» порталы және «e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы

Қызметті көрсетуге негізгі талаптар (процесс, нысан, мазмұны, нәтиже және т.б.) Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы    10 шілдедегі № 665 бұйрығына 30-қосымшада анықталған (мемлекеттік қызмет стандарты). Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 176-бабына сәйкес көрсетіледі.