Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша семинар

Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша семинар

Бүгін, 2025 жылдың 21 қарашасында Железин ауданы мен Ақсу қаласы бойынша, Аққулы ауданының мемлекеттік кірістер басқармаларында семинар өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру.

Іс-шарағашағынжәнеортабизнесөкілдеріқатысты.

Семинарда қаралған негізгі мәселелер: сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу, жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемелерін белгілеу, қосылған құн салығын (ҚҚС) реформалау, сән-салтанат салығын енгізу, арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық есептілігі нысандарын қысқарту.

Семинарға қатысушыларға өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, оларды толғандыратын тақырыптарға ашық диалог форматында жауаптар берілді.

Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін кәсіпкерлермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы