Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша Ашық есік күні мен семинар

Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша Ашық есік күні мен семинар

Бүгін, 2025 жылғы 20 қарашасында Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін семинар, Павлодар және Шарбақты аудандары бойынша  мемлекеттік кірістер басқармаларында Ашық есік күні өткізілді.

 

Іс – шаралардың негізгі мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру және ақпараттандыру.

Іс-шараларға келген салық төлеушілерге салық салу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар және алдағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Онда талқыланған негізгі мәселелер: сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу, жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемелерін белгілеу, қосылған құн салығын (ҚҚС) реформалау, түрлі салалар үшін КТС мөлшерлемелері, сән-салтанат салығын енгізу, арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық есептілігі нысандарын қысқарту болды.

Іс-шаралар барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістерімен танысуға, бұл жаңашылдықтар олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік алды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы