Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша Ашық есік күні мен семинар

Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша Ашық есік күні мен семинар

Бүгін, 2025 жылғы 19 қарашасында Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні, ал Успен ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында семинар өткізілді.

Іс – шаралардың негізгі мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру және ақпараттандыру.

Ашық есік күніне келген салық төлеушілерге салық салу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар және алдағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Іс-шарада қаралған негізгі мәселелер: қосылған құн салығы (ҚҚС), арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, жергілікті салықтар, жеке және корпоративтік табыс салықтары, салықтық тексерулер.

Іс-шаралар барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістерімен танысуға, бұл жаңашылдықтар олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік алды.

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы