
Успен ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.
Іс-шаралар барысында мынадай мәселелер қамтылды: арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформалау, салық мөлшерлемелері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салу, кәсіпкерлік қызметті ашу және тоқтату тәртібі, салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері.
Аумақтық МКБ мамандары өз түсіндірмелерінде салықтық әкімшілендіру ыңғайының өзгерістері туралы атап өтті: салық қызметінің негізгі міндеті қадағалау және жазалау шаралары емес, салық төлеушілерге көмек пен қолдау көрсету болады.
Іс-шараға қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы