Республика күніне орай – лайықты марапат!

Республика күніне орай – лайықты марапат!

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі, қоғамдық қызметтегі белсенді өмірлік ұстанымы және республика күнін мерекелеуге байланысты Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Ғалия Темірбекқызы Сембаева "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

 

"Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев табыс етті.

 

Ғалия Темірбекқызын еңбек жетістіктерінің лайықты мойындалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, әл-ауқат және еліміздің игілігі үшін одан әрі кәсіби табыстар тілейміз!

 

Құрметпен, Павлодар облысы бойынша МКД ұжымы