
Кейінгі жылдары қазақстандықтар өздігінен сатып алу арқылы, әрі «кілтке дайын» қызметін ұсынатын компаниялар көмегімен электркөліктерді жиі таңдай бастады.
Осы ретте мұндай көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде қолданыстағы қағидаларды ескеру маңызды.
Әкелу баждан босату және 2025 жылғы квота
Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.38-тармақшасына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 коды бойынша жіктелетін электркөліктерді әкелген кезде импорттық кеден бажын төлеуден босату көзделген.
2025 жылы осы шешіммен электркөліктерді жеңілдікпен әкелуге 15 000 бірлік көлемінде квота белгіленген.
2025 жылғы 14 қазанындағы жағдай бойынша квота толық пайдаланылды.
Осылайша, Қазақстанға электркөліктерді жеңілдікпен әкелу көлемі толығымен таусылды және бажды төлеуден босату бұдан былай қолданылмайды.
Енді электркөліктерді әкелу жалпы тәртіппен — барлық белгіленген кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар үшін электркөлікті кедендік ресімдеудің тәсілдері
Жеке тұлғалар әкелу шарттарына байланысты ресімдеудің үш нұсқасының бірін таңдай алады:
- кедендік алым — 6 АЕК;
- қосылған құн салығы (ҚҚС) – 12%.
Төмендетілген мөлшерлемелер электркөлік ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен (2020 жылғы 30 қазандағы № 95 редакциясында) бекітілген алып тастаулар тізбесіне енгізілген жағдайда қолданылады.
Мұндай көлік құралдары тек Қазақстан аумағында сатылуға тиіс және ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріне шығаруға жатпайды.
- кедендік алым — 6 АЕК;
- әкелу кедендік алымы – кеден құнынан 15%;
- ҚҚС – 12%.
ЖКД бойынша рәсімдеу кезінде көлік құралының кедендік құнынан 27% мөлшерінде жиынтық кедендік төлем қолданылады.