Бүгін, 2025 жылғы 22 қазанда Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өткізілді.
Іс – шараның негізгі мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру және ақпараттандыру.
Ашық есік күніне келген салық төлеушілерге салық салу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар және алдағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Іс-шарада қаралған негізгі мәселелер: қосылған құн салығы (ҚҚС), арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, жергілікті салықтар, жеке және корпоративтік табыс салықтары, салықтық тексерулер.
Іс-шара барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістерімен танысуға, бұл жаңашылдықтар олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы