Мәди Такиев: жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізуде бірқатар іс-шаралар қарастырылған

Мәди Такиев: жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізуде бірқатар  іс-шаралар қарастырылған

«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Үкіметпен іс-шаралар кешені әзірленді. Бұл жаңа Салық кодексінің әрекет етуіне қатысты. Бүгін 1111 қызмет түрлерінен  арнайы салық режимін қолдану тәртібі сақталады, 44 қызмет түрі қалды.

 

Жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізуде сервистік сүйемелдеу сияқты бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Соның ішінде микро және шағын бизнеске қатысты камералдық бақылау мен салықтық тексерулер тоқатылатын болады. Сонымен бірге қайта тіркелуді жою болжалды. Дара кәсіпкерді оңайлатылған тәртіппен есептен шығару қарастырылған.

 

Қолдау көрсетудің басқа да іс-шаралары әзірленуде, соның ішінде 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі қарыз өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару және ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асып кеткен кезде әкімшілік айыппұлдан босату», — деді ҚР қаржы министрі.

https://www.instagram.com/p/DP5hTBpCIoJ/?img_index=1