Құрметті салық төлеушілер!
2025 жылғы 10 қазаннан бастап Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдары полиция Департаментімен, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі бар жеке тұлғаларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Іс-шаралар шеңберінде:
- "Кибер-шериф" базасында берешекті тексеру;
- берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын тапсыру;
- борышкерлер мен олардың көлік құралдары туралы ақпаратты полицияның патрульдік автомобильдерінде орнатылған "Кибер-шериф" іздеу жүйесіне беру.
Назар аударыңыздар! Берешек анықталған кезде полиция қызметкерлерінің көлік құралын айыппұл тұрағына қамауға алуға құқығы бар.
Мәжбүрлеу шараларын күтпеңіздер! Мүлікке тыйым салуды, банктік шоттарды бұғаттауды, шығу шектеулерін және т. б. болдырмау үшін қарызды өз еркіңізбен төлеңіздер.
Берешектің бар–жоғын kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы, "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 байланыс-орталығына жүгінуге болады.
Павлодар облысы бойынша МКД салық төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылатынын еске салады және салықтарды уақтылы төлеуге шақырады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы