Сақ болыңыздар, алаяқтық жағдайлар көбейіп кетті!

Сақ болыңыздар, алаяқтық жағдайлар көбейіп кетті!

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді.

 

Соңғы уақытта алкоголь өнімдерін сатуға лицензияның қолданылу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы жалған ақпаратты тарату жағдайлары тіркелуде.

 

Еске саламыз. Алкоголь өнімдерін сату лицензиясы мерзімсіз! Лицензия ұзартуды қажет етпейді. Егер лицензияны пайдалану шарттары бұзылмаса, ол шексіз мерзімге жарамды.

 

Алаяқтардың айлаларына түсіп қалмаңыздар!

 

Күмән туған жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына хабарласыңыздар.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы