Бүгін, 2025 жылғы 21 қазанда Тереңкөл ауданының кәсіпкерлерімен "Алдаспан" орталығында дөңгелек үстел форматында семинар өтті.
Іс-шараны Тереңкөл ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы ұйымдастырды. Семинар аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Мұса Әбдіхаевтың қатысуымен, МКБ басшысы Мейрамбек Рахметовтың басшылығымен өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру.
Іс-шарағаауданныңшағынжәнеортабизнесөкілдеріқатысты.
Семинарда қаралған негізгі мәселелер: сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу, жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемелерін белгілеу, қосылған құн салығын (ҚҚС) реформалау, сән-салтанат салығын енгізу, арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық есептілігі нысандарын қысқарту.
Семинарға қатысушыларға өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, оларды толғандыратын тақырыптарға ашық диалог форматында жауаптар берілді.
Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін кәсіпкерлермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы