
2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Аққулы, Ақтоғай және Успен аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында семинарлар өтті.
Семинарлар барысында салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер қарастырылды. Корпоративтік және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы, салық есептілігі, арнайы салық режимдерін қолдану, жергілікті салықтар сұрақтарына ерекше назар аударылды.
Кәсіпкерлер алдағы жаңалықтармен танысып қана қоймай, өз сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы