Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Нұрболат Нұрахметов қатысты.
Брифингті аша отырып, Нұрболат Нұрахметов мемлекеттік кірістер органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі – цифрлық технологияларды белсенді енгізу екенін атап өтті. Бүгінгі таңда Департамент көрсететін мемлекеттік қызметтердің 90% - дан астамы электрондық форматқа ауыстырылды. Қызметтердің 42 түрінің 39 немесе 93%-ы электронды түрде ұсынылады.
2025 жылдың 9 айы үшін Департаментпен 330 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына" сәйкес белгіленген мерзімде ұсынылған, - деп атап өтті Нұрболат Нұрахметов.
Баспасөз конференциясы барысында спикер БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы