Сұрақ: Қол жүктерін тасымалдаудың қандай нормалары бар?
Жауап: Қол жүктерінде жолда жүргенде қажет болатын жеке заттарды, сондай ақ Duty Free-ден сатып алған заттарды тасымалдауға болады. Ұшу алдында белгілі бір авиакомпанияның қол жүгін тасымалдау ережелерімен танысу қажет, өйткені қол жүгін тасымалдау нормалары авиакомпания мен қызмет көрсету классына байланысты өзгешеленуі мүмкін.
Келесілер бойынша шектеулердің барына назар аударыңыздар:
- қол жүгінің салмағы мен мөлшері;
- рұқсат етілетін тауарлардың түрлері;
- сұйықтық және басқа да арнайы тауарларды өткізу.
Қызықтыратын сұрақтарыңызға жауаптарды жедел алу үшін Сіз біздің Telegram-арнамыздың Salyg Bot қойындысында «Кедендік сұрақтар» айдарын қолдана аласыз.
Павлодар облысы бойынша МКД
кедендік әкімшілендіру басқармасы