Салық және кеден мәселелері бойынша кері байланыс

Салық және кеден мәселелері бойынша кері байланыс

Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

 Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ашықтықты және жедел өзара әрекет етуді жоғарылату мақсатында "Instagram" әлеуметтік желісінде "Салық және кеден мәселелері бойынша Кері байланыс" айдарының ашылғандығын еске салады.

 Аталған айдардың шеңберінде сіздер салық және кеден заңнамасы бойынша сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.

Егер ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кезінде қандай да бір мәселелер туындаса немесе жедел шешілуі қажет басқа да мәселелер болса, онда сіздер осы айдарға жүгіне аласыздар. Кері байланысу үшін деректеріңізді: БСН/ЖСН, заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның орналасқан орнын (немесе тұрғылықты жерін), сонымен қатар электрондық поштаның мекен-жайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! Сіздер өз сұрақтарыңызды Instagramда сәйкес жарияланымдардың астындағы пікір қалдыру жолында қалдыра аласыздар.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы