Қазақстан Республикасының аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салынды

Қазақстан Республикасының аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салынды

2025 жылғы 21 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін көліктің барлық түрлерімен әкелуге 3 ай мерзімге тыйым салу енгізілді (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығы)

 

Тыйым салу өнімнің келесі түрлеріне таратылады:

 

- тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа) (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6801000000);

- ескерткіштер немесе құрылысқа гранит және олардан жасалған, кесілген немесе жанап кесілген, беті тегіс бұйымдар үшін (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802230000)

- гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802931000);

- ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802939000).

 

Уақытша тыйым салу отандық кәсіпорындардың жүктелуін қамтамасыз етеді және ішкі нарықты қорғайды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

 түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы