Екібастұзда этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сұрақтары талқыланды

Екібастұзда этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  заңнаманың сұрақтары талқыланды

Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова мен Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Ақбаев Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.

 

Іс-шараны ашқан Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Марат Бейсенов кездесудің негізгі мақсаты – бұзушылықтарды алдын алу және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру екенін атап өтті.

 

Іс-шара барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың негізгі аспектілері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуға ерекше назар аударылды.

 

Іс-шара соңында Әдеп жөніндегі уәкілдер мамандардың мемлекеттік қызметші мәртебесін көтеруге және жалақыны көтеру перспективаларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы