Салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтарды талқылаймыз

Салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтарды талқылаймыз

Май және Успен аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.

 

Кездесу барысында келесі сұрақтарға назар аударылды: жалпыға бірдей декларациялау, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформалануы, кәсіпкерлік қызметті ашу және тоқтату тәртібі, салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері.

 

40-тан астам салық төлеушілер салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы