Кіріс туралы декларацияны ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 4 күн қалды!

Кіріс туралы декларацияны  ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 4 күн қалды!

Құрметті павлодарлықтар!

 

Кірістер туралы декларацияны (250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларация және 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация) ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 4 күн қалды!

 

Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті", "Электрондық үкімет" порталы, сондай-ақ "e-Salyq Azamat", "eGov mobile" мобильді қосымшалары, moldir.qoldau.kz, "Halyk Bank", "Kaspi Bank", "ЦентрКредит" банктерінің қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

 

Декларация тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.

Декларацияны тапсыру мерзімі – 15 қыркүйек.

 

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемесін уақтылы орындамау үшін декларацияны тапсыруды кейінге қалдырмауды сұрайды!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы