Құрметті салық төлеушілер!
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.
2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап Салық төлеушінің кеңсесінде табыс ету үшін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтініш қолжетімді болады.
Бұл ретте, төлемді кейінге қалдыру/бөліп төлеу бойынша жүзеге асыру кезінде төлем құжатының «Төлем мақсаты» жолында салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің нөмірін көрсету міндетті екенін ескертеміз.
СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.
Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне:
Назарларыңызға: СӘИЖ СТК жүйесінің функционалы іске қосылуына байланысты, көрсетілген нысанды ескі СТК арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.