Ертіс ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.
Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды: жалпыға бірдей декларациялау, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформалануы, кәсіпкерлік қызметті ашу және тоқтату тәртібі, салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері.
Іс-шараға қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы