Май ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында (МКБ) салық төлеушілерге арналған семинар өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.
Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған жеңілдіктер, арнайы салық режимдерін өзгерту, декларация тапсыруға арналған онлайн-сервистер және басқа да мәселелер МКБ басшысы Талғат Масалимовтың сөз сөйлеуі барысында қозғалды.
Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары сұрақтарға жауап алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы