Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз

Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз

Сұрақ: Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсыру мерзімдері өзгерді ме? Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияны мерзімінен кеш тапсырған немесе анық емес мәліметтерді көрсеткен жағдайда қандай жауапкершілік көзделген?

 

Жауап: Декларация тапсыру мерзімдері өзгерген жоқ.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысан) – декларация тапсыру міндеті туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша;

Табыс пен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің (ӘҚБтК) 272-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау – бірінші рет ескерту жасауға әкеп соғады.

Бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған кезде ӘҚБтК-ның  272-бабының екінші бөлігіне сәйкес 58 980 теңге (15 АЕК) айыппұл салынады.

ӘҚБтК-ның 272-бабының 2-1 бөлігіне сәйкес толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну – бірінші рет ескерту жасалады, қайталап жасалған бұзушылық үшін ӘҚБтК-ның 272-бабының 2-2 бөлігіне сәйкес 11 796  теңге (3 АЕК) айыппұл салынады.

ӘҚБтК-ның 275-бабының бірінші бөлігіне сәйкес салық салу объектілерін жасыру үшін төленуге жататын салық сомасының 200% мөлшерiнде, жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін төленуге жататын салық сомасының 300% мөлшерiнде айыппұл салынады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы