Салық төлеушілер арасында ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу
және қайтару бойынша қызмет көрсету болып табылады. Осы
кызметті алудың бірнеше тәсілі бар:
- "e-Salyq Azamat"мобильді қосымшасы арқылы;
- "e-Salyq-Business" мобильді қосымшасы арқылы:
- "Электрондық укімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz;
- "салық төлеуші кабинеті"веб-қосымшасы арқылы;
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
арқылы;
- мемлекеттік кірістердің, аумақтық органдары арқылы.
Қызметті алу үшін Nº15 белгіленген нысан бойынша салықтық өтініш беру қажет (ҚР Қаржы министрінің, 2018 ж. 20.02. Nº160 буйрығы).
Ақша қаражаты қайтарылған жағдайда, салықтық өтініштен басқа, оларды қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті уәкілетті органның құжаты (сот шешімі немесе соманың талап етілмейтіндігі туралы анықтама) қоса берілетініне назар аударамыз. Сынақ жүргізу кезінде растайтын құжаттар талап етілмейді.