Төлем мерзіміаяқталғанғадейінекі айданаз уақыт қалғанынақарамастан, Павлодароблысының30 672-нан астамтұрғыны72,2млн.теңгегежуықсомағамүліксалығынтөлемеген.
2024 жылы жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың есептелген сомасы шамамен 341,8 млн. теңгені құрайды, оны 276,7 мыңға жуық салық төлеуші төлеуге тиіс.
Қазіргі уақытта бюджетке шамамен 269,6 млн. теңге түсті.
Мүлік салығының сомасын "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" деректемелері бойынша, сондай-ақ "Halyk Bank", "Kaspi Bank"банктерінің қосымшалары арқылы білуге және бір мезгілде төлеуге болады.
Мүлік салығын толық немесе ішінара төлеуден босатылған жеңілдікті санаттардың тізбесі Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында айқындалған.
Жеңілдікті санатқа мыналар жатады:
- Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен марапатталған адамдар – барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – жер учаскелері бойынша және барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде;
- мүгедектігі бар адамдар – жер учаскелері бойынша және барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, олар 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңде – жер учаскелері, тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай ғимараттары, гараждар, тұрақ орындары және оларға меншік құқығымен тиесілі өзге де құрылыстар, құрылыстар, үй – жайлар бойынша;
- бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – жер учаскелері бойынша;
- жер учаскелері бойынша, сондай – ақ барлық салық салу объектілерінің (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және оларға тиесілі өзге де құрылыстар, құрылыстар, үй-жайлар) жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көпбалалы аналар;
- бөлек тұратын зейнеткерлер (тұрғылықты жері бойынша тек зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер) – жер учаскелері бойынша, сондай-ақ барлық салық салу объектілерінің (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және оларға меншік құқығымен тиесілі өзге де құрылыстар, құрылыстар, үй-жайлар) жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде;
- жеке кәсіпкерлер – салық базасы Салық кодексінің 529-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үйлер мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша;
- жеке тұлғалар - пәтер (бөлме) меншік иелері, пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша, көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесі бойынша.
Мүлік салығын заңнамада белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда салық берешегі туындайды.
Төлем мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 1 қазаннан кейін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлемеген азаматтар банктік қызметтерді ала алмайды – аударымдар жасай алмайды, банктік шоттар ашады, несие рәсімдейді және т. б.
Бұдан басқа, Мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін 1 еселенген АЕК мөлшерінде салық берешегі болған кезде Мемлекеттік кіріс органдары салық бұйрығын шығарады.
Берешек салық бұйрығы тапсырылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданатын жеке сот орындаушыларына – мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу, елден тыс жерлерге шығуға шектеу қоюға мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі. Сонымен бірге, қарыз сомасының 25% -. құрайтын сот шығындары ұсталады.
АнықтамалықақпараталуүшінжекетұлғаларБірыңғайбайланысорталығының-1414(3)тегіннөмірі бойынша немесе салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша МемлекеттіккірістерБасқармасына жүгіне алады.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салықтарды төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылатынын еске салады және салықтарды уақытылы төлеуге шақырады.